Катонқарағай тұрғындары қысқа мерзімдік курстан өтті

199
көрілім

Осы жылдың басынан бері Катонқарағай ауданында 95 адам қысқа мерзімдік курстарда білім алып, жұмысқа орналасты. Осылайша, олар "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының жемісін көруде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Курста білім алушылардың дені санитар-ветеринар, есепші, аспаз, тракторшы, шаштараз, визажист, маникюр шебері, көлік жөндеу слесарі мамандықтарын меңгеріп шықты. Басты мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлап, жұмыссыздық мәселесін шешу. Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, осы мақсатта 18 миллион теңге бөлінген.
-"Бастау-Бизнес" бағдарламасы бойынша 32 адам шағын несиеге қол жеткізді. Жеке кәсіптерін ашты. Бұдан бөлек 38 тұрғын мемлекеттік гранттарды ұтып алды, - деді аудан басшысы.
Биыл 20 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. Ал "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша 19 адамға жолдама берілді. Сондай-ақ 190 тұрғын қоғамдық жұмыстарға орналасты.
Осы жыл басынан бері 786 жұмыс орны ашылып, 798 тұрғын еңбекпен қамтамасыз етілді, - деді Ренат Құрмамбаев.