Катонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі бір аптаға жуық созылған өрт өшірілді

267
көрілім

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазан күні құрғақ шөптің, бұта мен ағаштың әсерінен «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» ММ аумағы отқа оранған еді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Рахман шоқылары ауылынан 43 шақырым жерде болған өрт 86,2 гектарды қамтыды. Оның ішінде 23,8 гектары орманды жабық аймақ. Тілсіз жаумен күрес тек 14 қазан күні сағат 8.45-те тоқтады. Оқыс оқиғаның себебі анықталуда.