Катонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда

927
көрілім

Қазіргі уақытта сөндіру жұмыстарына жүзден аса адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ-де 10 қазан күні өрт шыққан еді.

Төтенше жағдай мамандары МИ-8 тікұшағымен барлау кезінде жалын шарпыған аумақ 20 гектар екендігі анықталды. 11 қазан күнгі жағдай бойынша өрт аумағында өзгеріс жоқ. Алайда тілсіз жау әлі ауыздықталмады. Оқиға орнына «Қазәуеорманкүзеті» тікұшағы аттанды.

– Өртке қарсы 114 парк қызметкері жұмылдырылған. ТЖД күштері әзірлікте, – дейді баспасөз қызметі.