Катонқарағайда шұңқырға құлап кеткен баланы құтқарған ауыл тұрғыны марапатталды

612
көрілім

Төтенше жағдайлар қызметі Катонқарағай ауылында құдыққа түсіп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалған ауыл тұрғыны жайлы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйек күні орын алған.

- Екі жасар сәби анасымен бірге ойын алаңында жүріп абайсызда қазылған шұңқырға құлап кеткен, - деп хабарлады Катонқарағай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Дәл сол сәтте балалар алаңының маңынан өтіп бара жатқан ауыл тұрғыны Раджан Айдарбаев бүлдіршіннің жылаған дауысын естіп көмекке тұра жүгіреді.

Кішкентай зардап шегушіні шұңқырдан алып шығып жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

- Раджан Айдарбаев дер кезінде көрсеткен батылдығы үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен марапатталды, - дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.