Қауіпті дерт анықталды

982
көрілім

Зайсан ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі ірі қарадан бруцеллез дерті анықталған, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Ірі қарадан жұқпалы дерттің анықталуына орай 5 желтоқсаннан бастап Шілікті ауылдық округінің Байатар учаскесінде шектеу шаралары ұйымдастырылды. Тексеру нәтижесінде ауру анықталған мал санитарлық союға жіберілді.

- Карантин аумағынан шығарылған малды өткізуге тыйым салынғандықтан аудан, қала тұрғындарына қауіптенудің қажеті жоқ, - деп хабарлады облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағындықов. - Сондай-ақ ауру анықталған аумақта мал азығын дайындауға да тыйым салынды. Бұдан бөлек, ауданда мал мен адамдардың көпшілік жиналатын шаралары да өткізілмейді.

Басқармадағылар бруцеллез дерті анықталған шаруа қожалығындағы жағдай ветеринариялық қызметтің қатаң бақылауында тұрғанын алға тартты.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ