Қайсановтың қарсыласы ел чемпионаты жайлы ой бөлісті

553
көрілім
Фотосурет kazhimukansportmektebi.kz сайтынан

Еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері оралдық Нұржан Бекжанов алдағы Токио Олимпиадасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздегі ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында келер жылы Күншығыс елінде өтетін төртжылдықтың басты бәсекесі жайлы да ойын ортаға салған болатын. Айтуынша, чемпионатта көрсеткен өнеріне көңілі толмайды. Палуан 100 пайыз мүмкіндігінің тек 30 пайызын ғана көрсеткен. Ұзақ уақыт бозкілемге шықпағанның әсері болар, бәлкім.

– Бірінші белдесуде-ақ ескі жарақатым сыр беріп, қиындық тудырды. Ал жалпы турнирге келер болсам, чемпионат індетке қарамастан жоғары деңгейде өтті. Талантты жастардың көбейгені қуантып отыр. Ізімізді басып, мықты балуандар өсіп келеді. Бұл да бір еліміздегі еркін күрестің алға басқанының көрінісі. 74 келіде Олимпиада лицензиясы бар екенін білесіздер. Бірақ Токиоға нақты кім барады деген сұраққа жауап бере алмаймын. Данияр Қайсанов осы чемпионатта жарақат алды. Қазір нағыз бабында тұрған Нұрғожа Қайпанов қана. Бәрін уақыт көрсетеді, - деді Нұрлан Бекжанов.