Қайта аталғаны қажет

410
көрілім

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына жауап берген облыс басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанда 314 көшенің атауы қайта аталғанын алға тартты.

- Мысалы Өскеменде Карл Маркс даңғылы қазіргі кезде Қаз дауысты Қазыбек болды. Орджоникидзе деген көше болды. Орджоникидзенің кім болғанын барлығымыз білеміз. Қазір ол көшенің атын Сағадат Нұрмағамбетов, Головков көшесінің атын Бейбітшілік, Семейдегі Ленин көшесін Мәңгілік Ел деп өзгертпекпіз. Сол себептен осы мәселені біз асықпай, ойланып іске асырамыз. Зырян ауданы — Алтай ауданы, Зырян қаласы - Алтай қаласы деп аталмақ. Сондағы халықтың 100 пайызы осы өзгертуді қабылдады. Мәселе ұлтта емес, мәселе елдің саясатында, - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов сөзін жалғастыра келе Орджоникидзе, Голощекин немесе Киров секілді атаулар міндетті түрде өзгертілгені дұрыс деген пікір келтірді.

- Киров, мәселен, «үштіктің» қатысушысы болды, оның тапсырмасымен мыңдаған адам жазықсыз атылған. Сондықтан бұл жерде сөз жоқ, өзгертеміз. Бірақ бұл ретте өзіміздің халықтың пікірін есепке ала отырып, заң бойынша осы жұмысты жүргізетін боламыз. Сосын мысалы Дмитрий Менделеев атындағы көшені өзгерту керек пе? Сол секілді Сергей Королев атында да көше бар. Бірақ Сағадат Нұрмағамбетов, Құрманғазы көшелері де болуы керек. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Даниал Ахметов.

Азасмат ТЕМІРБЕКОВ