Қайта аталмақ

295
көрілім

Бірнеше елді мекеннің атауы өзгереді.

Облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде облыстық мәслихат өңіріміздің екі ауданындағы бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікті қайта атау жөнінде шешім шығарды.

Осылайша, Глубокое ауданындағы төрт ауылдық округ алдағы уақытта былайша аталатын болды: Калинин ауылдық округі — Березовка, Киров ауылдық округі — Ертіс, Куйбышев ауылдық округі — Быструха, Фрунзе ауылдық округі — Тарханка ауылдық округі болып өзгереді.

Ал Бородулиха ауданында екі елді мекенге жаңа атау беріледі. Атап айтсақ, Құнарлы ауылдық округіне қарасты Вторая Пятилетка ауылы Жарбұлаққа, Подборное ауылдық округінің Романовка ауылы — Жақсылық ауылы болып өзгереді.

Семей қаласындағы Ленин көшесі — Мәңгілік Ел, ал Полковничий аралы — Бейбітшілік аралы болып қайта аталмақ.

Ерлен ОСМАНОВ