Қайта аталуы мүмкін

318
көрілім

Облыс орталығындағы кеңестік халық комиссары Климент Ворошиловтың есімімен аталатын көшенің атауы алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, әзірге Ворошилов көшесін Жақия Шайжүнісовтың есімімен қайта атау жөніндегі ұсыныс қана түскен. Мұндай ұсыныспен "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік бастамалар қоғамдық қоры мен "Казгипроцветмет" ЖШС шыққан.

Жақия Шайжүнісов (1914-1983 жж.) - қазақтың Макаренкосы атанған өңірімізге белгілі педагог. Өмірінің 43 жылын Көкпекті балалар үйіндегі жетім балаларға арнаған. Жарым көңіл балалардың жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаздың басқаруындағы балалар үйі кезінде КСРО-дағы интернаттық мекемелердің үштігіне ілінген екен.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ