Қайырымдылық жасады

334
көрілім

ШҚО теміржолшылары балалар үйіне 12 миллион теңгеге жуық қаржы аударды. Айта кету керек, өңірлік жол бөлімшесінің ұжымы Өскемен қаласындағы Балалар ауылының жеті тәрбиеленушісін өз қамқорлықтарына алған.

Балалар ауылының үш тәрбиеленушісі – Архат пен Карина Груздевтер және Татьяна Маслова жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінің қамқорлығында. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ филиалының, Защита дабыл және байланыс дистанциясының, Защита және Серебрянск жол дистанциясының жұмысшылары жасөспірімдер Мавлади Голяковтың, Сергей Кривченконың, Ислан мен Ислам Мамытовтардың мұқтаждықтарына, сабағына және қажетіне көңіл бөліп келеді.

Теміржолшылар жыл сайын балалардың есеп-шоттарына олар баспана сатып алуы үшін ақша аударып келеді. Міне біздің тәрбиемізден өткен Владимир Вторушин Балалар үйінен кеткеннен кейін теміржолшылар жинап берген ақшаға Белоусовка ауылынан өзіне үй сатып алды. Бізді осы қуантады, енді балада баспана бар. Ал ары қарай барлығы да оның өз қолында», - деді «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Айгүл Жайлаубаева.

Асқар ТҰМАРБЕК