Қазақ халқы және ислам діні

1138
көрілім

Көне түркі дәуірінде тәңірге табынған бабаларымыздың салт-дәстүріне қарап отырып, олардың көбісінің бүгінгі ислам дінімен үндесіп жатқандығын байқаймыз.

Керей, Жәнібек хандардың құрған қазақ хандығының ислам дінін ұстанғаны тарихтан белгілі. Әз Тәуке ханның тұсында жазылған «Жеті жарғы» заңы мемлекеттің құқықтық, мәдени және руханиятының негізі болды. Бұрын ақ киізге отырғызып хан көтергенде әрбір Қазақ хандары Құранды сүйіп ант бергендігі аян. Бұл қазақ мемлекетінің іргесінің беріктігі мен мемлекет қызметі үшін адал қызмет етуге берілген ант болып есептелген.

 Сондықтан қазақ халқы ежелден дәстүрлі исламға барынша маңыз беріп келген. Қазақ балалары мұсылманша сауатын ашып, білім алған. Демек, қазақтар үшін ежелден мұсылманша білімді болу басты мақсат болған.

Сан ғасырлық тарихи оқиғалармен ұлтымыздың басынан өткен түрлі қилы кезеңдеріне және көшпелі дала салтына байланысты қазақтың дүниетаным болмысы, ұлттық құндылықтары, дәстүрі мен салты, әдет-ғұрпы ислам дінімен терең тамырласыпСабақтасып келе жатыр. Қазақтың кісі есімдерінде ислами атаулардың көптеп кездесіп, қазақ тіліне бейімделуіде ойымызды бекемдей түседі.

Осындай түсінігімізді қорыта отырып, мемлекеттің басты тірегі мәдениет пен руханият екендігін бағамдауға болады. Сондықтан қазіргі таңда діни пиғылы теріс топтардан, діни экстремизмнен, деструктивті ағымдардан сақтаудың маңызы айырықша.

Қазақстан үшін бүгінгі таңда Елбасымызыдың «Рухани жаңғыру» бастамасына сәйкес ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, дәстүрлі діндерді қолдау, ең бастысы діни сауаттылықты арттурдың маңызы ерекше.

 

Даулет Қабидолдин

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС