Қазақстанда 11 мыңнан астам адамға іздеу салынған

311
көрілім

Қазіргі уақытта 11 133 адам іздеуде жүр, олардың 2 247-і – хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстанда іздеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік күзет және жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізеді. Барлық іздестіру істерін тіркеуді, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық деректер қорымен өзара іс-қимылды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады, - деп атап өткен Комитеттің Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

- Із-түзсіз жоғалғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында (328), Алматы (308), ШҚО (221) және Қарағанды облыстарында (221). Олардың ішінде көбінесе 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар (76%) әртүрлі себептермен жоғалған. 1723-і — үйлерінен шығып кетіп оралмаған, 74-і — автокөліктерімен, 36-сы — жұмыстан шығып, келмеген. Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адам іздестірілуде. Жекелей алғанда олардың ішінде алаяқтық (451), ұрлық (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматыда — 463, Алматы облысында — 245 және Шығыс Қазақстан облыстарында — 203 адамға іздеу салынған. Олардың арасындағы 89%-ы негізінен 31 мен 40 жастағы ер адамдар, - деп түсініктеме берген Комитетте.