Қазақстанда 200 теңгелік номиналды монеталар айналымға шығарылды

321
көрілім

ҚР Ұлттық Банктің мәліметінше, жаңа монеталар 28 қаңтардан бастап айналымға шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық Банктің баспасөз хабарламасының дерегінше, номиналдық құны 200 теңге болатын монеталар нейзильберден жасалған. Салмағы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 миллиметр.

– Биколорлы циркуляциялық монеталар дизайны стилистикасында шығыс және батыс мәдениетінің көркемдік элементтерінің симбиозы байқалады, — дейді банктегілер. - 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және табиғи тозуына қарай айналымнан шығарылады.