Қазақстанда бензин бағасы қанша көтерілуі мүмкін - Ұлттық экономика министрлігінің түсіндірмесі

361
көрілім

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап бензин акциздерінің құны 2,5 есе қымбаттайды. Ұлттық экономика министрлігінің Салық және Кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин мұның жанармай бағасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Бүгінгі күні бензин акцизі – 8 теңге, жанармай бағасы – 150 теңге. Акция мөлшерлемесін 10500 теңгеден 24435 теңгеге дейін көтереміз, бір литрдің бағасы 10 теңгеге артады, яғни акциз 8 теңгеден 18 теңгеге өседі. Мұндай жағдайда жанармай бағасы 6% көтеріледі, анығырақ айтқанда 160 теңге болады, - деді шенеуік өз сөзінде.

Сонымен қоса ҰЭМ өкілі акциз – бензин құнының бірден бір құрамдас бөлігі емес екенін баса айтты.

- Біз нарықтық экономика құрып жатырмыз. Сұраныс пен ұсыныс бар. Менің ойымша, баға көтерілмейді. Мысалы біз 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін акциз мөлшерлемесін 4,5 мыңнан 10,5 мың теңгеге дейін өсірдік. Бірақ жанармай бағасы қымбаттаған жоқ, - деді Азамат Амрин.

Мультипликативті әсерге қатысты бөлім тұтыну бағасының индексі тауардың 500 түрі негізінде есептеледі, оның үшеуі АИ-93, АИ-95 және АИ-98 жанармайы, үлесі 0,6% құрайды.