Қазақстанда коронавирус инфекциясы табылған жоқ - Елжан Біртанов

327
көрілім

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты жалған хабарлар жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Семей мен Алматыда коронавирус тіркелді» деген ақпараттар жалған. Біз Қытайдан келген барлық жолаушыларды бақылауда ұстап отырмыз. Дене қызуы көтерілгендер ауруханада жатыр. Әзірге, бақылаудағы бірде-бір пациентте коронавирус расталған жоқ. Аталған хабарлардың барлығы - фейк, - деді Е. Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, министр әлемуеттік желіде жалған хабарлардың көптеп шығып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген 54 қазақстандық жоғары қызумен ауруханаға түсіп, 16-сы емделіп шықты.

Әзірге дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 7 711 науқас тіркелді, 170 науқас көз жұмды. Сонымен бірге, жалпы 17 мемлекетте 90 науқас тіркелді.