Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

420
көрілім

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 наурыздағы 17.00 сағ. жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 18 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 36 науқас тіркелді», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған екі қала бүгін сағат 00:00-ден карантинге жабылады.