Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 болды

326
көрілім

Қазақстанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.