Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

398
көрілім

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.