Қазақстанда заң жүзінде дәрі-дәрмек бағаларына шектеу қойылатын болады

593
көрілім
Қазақстанда заң жүзінде дәрі-дәрмек бағаларына шектеу қойылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ жауапты хатшысы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағаларын реттеудің жаңа әдістеріне көшуді тапсырған болатын. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрі-дәрмек құралдарының бағаларын реттеу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын жасақтады. Барлық дәрілердің құнын реттеуге бағытталған заң жобасын біз биыл тамыз айында Парламентке енгіземіз. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тек кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету бағдарламасы аясында қолданылатын дәрілердің бағасын ғана бекітетін болса, заң жобасы енгізілген жағдайда бағаны реттеу барлық дәрі-дәрмектерге таралатын болады. Сонымен қатар баға реттеудің жаңа шешімдері жасақталып жатыр, – деп атап өтті жауапты хатшы.

Айта кету керек, Қазақстанда бүгінде дәрі-дәрмектердің ұлттық формуляры жасақталды.