Қазақстанда зейнет жасын қайта қарауды ұсынды

392
көрілім

Бұл туралы қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап.

– Халықты мазалайтын сұрақтың бірі – зейнет жасы. Бұл сұрақты экономикалық жағынан қарау қажет. Экономикамыз дамып келеді. Жарты жылдан қосудың орнына керісінше жарты жылға төмендету керек. 55-60 жасқа тоқтау қажет, – деді Жәнібек Қожық.

Елімізде 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнет жасы әйелдер үшін 63 жасқа көтеріледі. 2019 жылдың 1 қаңтарында 59 жас бекітілген еді.

Өзгеріс 1960-1964 жылы дүниеге келгендерге қатысты. Ер адамдарға 63 жас болып қала береді.