Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

163
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында  берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.