Қазақстандағы ең танымал мамандықтар белгілі болды

434
көрілім

Қазақстандағы ең танымал мамандықтар қатарына мектеп мұғалімі және есепші кірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының соңында жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 1,5% -ға өсіп, 8,8 млн адамға жетті. Өткен жылы бұл 8,6 млн. адамды көрсеткен. 15 жастан жоғары халықты жұмыспен қамту деңгейі 66,7% құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшыларға келеді, олардың үлесі 76,1% немесе 6,7 млн. адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 23,9% немесе 2,1 млн адам », - делінген хабарламада.

2019 жылдың екінші тоқсанының соңында жалдамалы жұмысшылар саны 6,7 млн. адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% көп.

Жұмыспен қамтылған халықтың көбі білім беру саласында жұмыс істейді. 16,1% немесе 1,1 млн. адам. Сонымен қатар, сұранысқа ие қызметтердің алғашқы үштігіне өнеркәсіп (15,7% немесе 1 млн адам), көтерме және бөлшек сауда кірді; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу қызметінде (10,9% немесе 724,9 мың адам).

Сарапшылардың зерттеулеріне сәйкес, ең танымал мамандықтардың алғашқы ондығында мектеп мұғалімдері көш бастап тұр. Белгілі болғандай, әрбір орта білім беру мекемесінде 20 қызметкер жұмыс істейді. Жалпы, Қазақстанда 352,2 мың мұғалім бар.

Келесі орында есепшілер (бухгалтерлер) 268,2 мың адам.

Үздік үштік қатарында - супервайзерлер, сатушылар және олардың көмекшілері бар - 256 мың адам.

Екінші тоқсанның соңында жұмыссыздар саны 441,8 мың адамды құрады, бес жыл ішінде олардың саны 4,2% азайған.

Жұмыссыздардың басым бөлігі Алматыда 50,3 мың адам. Бұл елдегі жұмыссыздардың жалпы санының 11,4% құрайды. Алматы облысында 48 мың адам, Түркістан өңірінде 42,1 мың адам жұмыссыздар қатарында.

15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 81,1 мың адам.

Халықтың жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 4,9% -дан 4,8% -ға, дейін төмендеді.