Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

6089
көрілім
Шартты фотосурет

Биыл қазақстандықтарда 246 жұмыс күні, 106 демалыс және 13 мереке күні болады. Соның ішінде мамырдағы демалысты ұсынбақпыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан Халқы бірлігі күнінде (1 мамырда) қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 29 сәуірден 1 мамырға дейін.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жексенбіге түсіп тұрғандықтар дүйсенбі демалыс күні болмақ. Ал Жеңіс күні биыл сейсенбіге сәйкес келіп тұр.
Сондықтан қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығында төрт күн демалады. 2023 жылы Құрбан айттың бірінші күні 28 маусым болмақ. Қазақстандықтар сәрсенбі бір күн демалады.