Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

1408
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Республика тұрғындары тамызда 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы қазан айында сол кездегі Үкімет басшысы Асқар Мамин 2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойған еді. Конституция күні аталып өтетін 30 тамыз биыл сейсенбіге тура келеді.

Сондықтан жоғарыда аталған Үкімет басшысының қаулысымен демалыс 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылған. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 27 тамызда жұмыс істеп, 28, 29, 30 тамыз күндері үш күн демала алады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін мереке күні ауыстырылмайды.

Яғни, сенбі күні жұмыс, жексенбі – демалыс, дүйсенбі 29 тамыз – тағы жұмыс және сейсенбі 30 тамыз – демалыс болады.