Қазақстандықтар жеңіл көлік сатып алу үшін көп шығындана бастады

417
көрілім
rambler.ru

2018 жылдың басынан бастап қазақстандықтар 374,2 млн долларға 15,6 мыңнан астам жаңа жеңіл көлік сатып алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 41,8%-ға немесе ақшалай 37,2%-ға артық.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша жеңіл көлік сатылымы (4,3 мың дана) өткен жылғы мәннен 26%-ға асты. Ал, нарықтың баға көлеміндегі мәні сәуір айының қорытындысы бойынша 108,7 долларды құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,5%-ға жоғары болды.

Есепті кезеңде сатылған 8,3 мың автомобильдің (53,2%) 7,3 мыңы импортқа келді, сатып алушылардың басым бөлігі (46,8%) қазақстандық өндіріс пайдасына таңдау жасаған.

Төрт айдың қорытындысы бойынша сұранысқа ие қазақстандық брендтер рейтингісінде Lada көлігі көш бастап тұр - 3670 автомобиль қаңтар-сәуірде сатылған. Toyota маркалі көлігінің сатылымы 2958 дананы құраса, үшінші орынды 1767 дана сатылған көлікпен Hyundai иеленді. Үздік бестікті Ravon (1 601 дана) және KIA (829 дан) қорытындылады. Жалпы, үздік ондыққа GAZ (821 дана), Nissan (526 дана), UAZ (381 дана), Volkswagen (380 дана) мен JAC (379 дана) енді.

Жеңіл жол талғамайтын көліктер рейтингісінде Lada 4x4 (1073 дана) көш бастап тұр, одан кейін седандар Lada Granta (980 дана) мен Toyota Camry (961 дана), Ravon Nexia (921 дана) және Hyundai Tucson (602 дана).

Ал, тұтынушылардың қалауына қарай үздік 20-ға Toyota Land Cruiser Prado (509 дана), Lada Vesta (478 дана), Lada Largus (473 дана), Ravon R4 (464 дана), Toyota Corolla (436 дана), KIA Sportage (427 дана), Hyundai Accent (414 дана), Toyota Rav4 (410 дана), Hyundai Creta (358 дана), Hyundai Elantra (314 дана), Toyota Hilux (298 дана), JAC S3 (287 дана), Lada XRAY (278 дана), Toyota Land Cruiser 200 (264 дана) и Volkswagen Polo (224 дана) кірді.

Жыл басынан бері жеңіл көлікті сатып алуда мына қалалардың тұрғындары үлкен белсенділік танытып отыр: Алматы (3 909 автомобиль сатылған), Астана (2 588 дана), Атырау (1 202 дана), Қостанай (1 100 дана), Шымкент (1 043 дана), Қарағанды (918 дана), Орал (716 дана), Ақтау (688 дана), Өскемен (686 дана) мен Ақтөбе (572 дана).