Қазақстандықтарға жанармай құю бекеттеріне қатысты үндеу жасалды

441
көрілім
Шартты сурет

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандықтардан елден жанармай шығару деректері мен әрекеттері туралы хабарлауды сұрады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

"Барлық жанар-жағармай құю станциясы желілерін 15 қыркүйекке, ақпараттық жүйе (жанармай құю бекеттерінде дизель отынын сату үшін тұтынушы деректері тексеріледі) енгізілгенге дейін адам факторын мүмкіндігінше болдырмау үшін қызметкерлермен жұмыс істеуге шақырдық", - деді министр.

Энергетика министрлігінің басшысы барлық ірі жанар-жағармай құю бекетіне тұрғындар арыз-шағыммен жүгіне алатын сенім телефондарын ашу тапсырылғанын атап өтті.

"Елімізде жанар-жағармай құю бекеттері өте көп, сондықтан азаматтар осы телефондар арқылы жанармай құю станцияларындағы заңбұзушылықтары немесе заңсыз жанармай құю туралы хабарласа, дұрыс болар еді. Видеолардан жанармай көлік бактеріне емес, жүксалғышта тұрған ыдыстарға құйылғанын көрдік. Осындай жағдайларға куә болсаңыз хабарлаңыз.

Бүгін мен министрлікте осындай телефон желісін ашуды тапсырдым, сонда адамдар министрлікке тікелей хабарласып, осындай деректерді айта алады. Мемлекеттік органдар дереу жауап береді. Баршаңыздан үлес қосуыңызды сұраймын, бірлескен күш-жігер арқылы бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын", - деп түйіндеді Ақшолақов.