«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қорытындысы бойынша ШҚО екінші орыналды

395
көрілім

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша дауыс беру аяқталып, қорытынды шығарылды. Шығыс Қазақстан жеңімпаздар саны бойынша республикада бойынша екінші орын алды.

Бастапқы деңгейде Шығыс қазақстан облысынан 300-дің ішіне 31 адам кірсе, жеңіске дейін облыстан 11 үміткер жетті. Бұл өте жақсы нәтиже, себебі жеңіспаздар саны бойынша мәреге 27 адам жеткен Алматы облысы ғана мақтана алады.

Шығысқазақстандықтар үшін ең жемісті номинация «ғылым» болды. Бұл номинация облыстағы бес үміткерге жеңіс әкелді. Олар: Семейлік аудармашы Қуаныш Жұмабаев, энтузиазист-математик Олег Пименов, Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының басшысы Сергей Лукашенко және Өскемендік ғалымдар – фитомилдерді ойлап тапқан Алексей Башкирцев пен аязға төзімді жел генераторын ойлап тапқан Альмира Жилқашинова.

«Қоғам» номинациясы бойынша театр жабдықтары арқылы балалар дарындылығын дамытатын Валентин Алифанов, Шемонаиха ауданындағы меценат Владимир Акулов және Семейлік ақын Ержан Жұмабек жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, шығысқазақстандықтар «Мадениет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған тамаша ұста және зергер, мүмкіндігі шектеулі жан болғандығына қарамай керемет заттарға өмір беретін Абылайхан Асылбаймен мақтана алады. Ал «Бизнес» номинациясы бойынша фермер-селекционер Қуаныш Сүлейменов жеңімпаздар қатарына кірді.