Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды - Біртанов

91
көрілім
ҚазАқпарат

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ өкінішке орай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматында коронавирус инфекциясы табылды. Бүгін біздің Алматыдағы лабораторияда Қазақстанның екі азаматынан коронавирус расталды. Олар Германиядан келгендер», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.қ