Қазан айы қалай болмақ?

368
көрілім

Әне-міне дегенше күз маусымының екінші айы да келіп жеткен сыңайлы. Белгілі метеосайттардың болжамына сүйенсек, алдағы қазан айының басым бөлігі алабұлтты болып, ай соңына қарай жауын-шашынды күндердің саны жиілей түсетін көрінеді. Бұл айда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде +21 градусқа дейін көтеріліп, түнгі салқын үдей түсіп, айдың соңына қарай ол тіптен -6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Қазан айының бірінші онкүндігінде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде күн ашық болып, ара-тұра жауын-шашын түсуі мүмкін. Бұл аралықта ауа температурасы күндіз +18… +21, түнде +4… +11 градустық межеде тұрақталуы мүмкін.

Айдың екінші онкүндігінде алабұлтты күндер саны көбейгенімен, жауын-шашын жиі түспеуі мүмкін. Дегенмен 15-17 қазан күндері аралығында жаңбыр жауып, ауа температурасы салқындауы ықтимал. Бұл аралықта термометр бағаны күндіз +10… +21, түнде +2… +12 градустық межеде болады.

Қазанның соңғы онкүндігінде алдағы қыстың ызғары біртіндеп сезіле бастауы мүмкін. Бұл күндері күндізгі ауа температурасы күрт салқындап +12… -3 градустық межеде тұрақталатын болады. Осыған сәйкес салқын түндер саны да көбейіп, кейбір күндері түнгі мезетте ауа температурасы -5 градустық межеге дейін салқындауы мүмкін.

Ауа райын нақты болжау адамзат үшін әлі де мүмкін емес. Мұны алға тартқан метеосайт мамандары аталған болжамның болу мүмкіндігін 60 пайызға теңейді.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ