«Қазцинк» әлеуметтік салаға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлген

417
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы «ҚазЦинк» ЖШС қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі менеджері Жұлдыз Жакупбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар сөзінше, елдегі індет екпінін әлі де еңкейте қоймағанына қарамастан компания бекітілген жоспарға сәйкес түрлі салаларды қаржыландырылуын жалғастырып келеді. ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында Жұлдыз Жеңісқызы нақты санға тоқталды.

- Алға қойған жоспарды рет-ретімен тізбектей бергеннен гөрі өз тарапымыздан өңірдегі бірқатар салаларға бөлінген қаржыға тоқталған жөн болар. Соның ішінде, кәсіпорын әлеуметтік саланы қолдауға былтыр 11850634503 теңге бөлді. Қаржы мерзімінен кешікпей игеріліп, мемлекеттік сатып алуда қандай да бір олқылықтар, заңды белден басу жағдайлары анықталмады, - деді ол.