«Қазпошта» ШҚО-дағы бөлімшелерінде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде

1189
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне орай Бородулиха және Бесқарағай аудандарындағы «Қазпошта» АҚ-ның клиенттерге қызмет көрсету қағидалары өзгерген жаңғыртылған бөлімшелерінің салтанатты түрде ашылуы болды.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін Орталық операциялық орындар бірнеше бөлікке бөлінген: пошталық және қаржылық қызмет көрсету бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсететін орын, сәлем-сауқат жіберуге (посылка) арналған және өз-өзіне қызмет көрсету орны.

Бұдан бөлек, орталық операциялық орындарда 3 операциялық терезе жұмыс істейді: коммуналды және салық төлемдерін төлеуге, аударымдарды жіберу және қабылдауға, әуе және теміржол билеттерін сатып алуға арналған терезелер.

Осының арқасында клиенттер пошта арқылы жіберуге немесе қабылдауға арнаған уақыттарын үнемдейді және кезек күтіп тұрудың қажеті болмайды.

«Қазпошта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнар Мырзабаеваның айтуынша, «Қазпошта» жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстандағы барлық бөлімшелерді көріктендіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда ШҚО бойынша үш қала мен 12 ауданда пошталық байланыс бөлімдерін жаңарту жұмыстары жүргізілген.

ШҚО аймақтық байланыс қызметі