Келесі жылы МӘМС-ке төленетін жарна мөлшері өзгереді

7586
көрілім

Алдағы жылда МӘМС-ке төленетін жарна төлемдері мен аударымдар мөлшері қалай өзгеретіні туралы ақпарат жарияланды.

ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 10 ЕТЖ-дан немесе 18 мың теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.

- Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді. БЖТ қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңгенң құрайды. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады. Бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды, - делінген ақпаратта.