Қептерлер жаппай қырылды

243
көрілім

Зырян ауданына қарасты Средигорное ауылында кептерлердің көптеп қырылу оқиғасы орын алды. Мамандар құстардың қырылуын қысқы аяздың қыспағымен байланыстырса, орнитологтар олардың қырылуына адами фактордың әсер етуін де жоққа шығармайды, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

Естеріңізге салсақ, 24 желтоқсан күні бірнеше адам кептерлердің жаппай қырылуының куәсі болған еді. Северное ауылдық округінің әкімі сұхбат беруден бас тартып, өлген құстардың денелерін "Зырян-Вет" ветеринарлық емханасына жолдағандарын алға тартты.

Құстардың қырылу фактісі көрші Соловьево ауылында да орын алған. Аталмыш ауылдық округтің әкімі Мұқан Төлебаев қысқы аяздарға байланысты жылда орын алатын мұндай құбылыстың жат еместігін тілге тиек етті.

Ал белгілі орнитолог Борис Щербаков құстардың қырылуын аяз емес, адами фактормен байланыстырды.

- Бізде қыстайтын құстар қатаң климатқа үйренген, - дейді ол. Ауру және балапан құстарды есептемегенде, олардың қырылуына азық қорының аз болуы да ықпалын тигізеді. Қардың қалың түсуі оларды тамақ тауып жеу мүмкіндігінен айыратындықтан, адамдар бір уақыт қайырымдылық танытып, қосымша жем салатын орындар дайындаулары керек.

Ерлен ОСМАНОВ