Кәсіпкерлер саны артты

387
көрілім

2018 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысында жеке кәсіппен айналысатындардың саны өскен.

Облыстық Статистика департаментінің хабарлауынша, өңірімізде 21 581 бизнес субъектілері тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ға артып отыр. Шағын кәсіппен айналысатындардың саны – 16 863.

– Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14 346 бірлікті (66,5%) құрайды. Оның ішіндегі белсенділері 10 472 (73%). Шағын бизнес субъектілері былтырғыға қарағанда 2,6%-ға өскен, – дейді ШҚО Статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Оразаева.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ