Кінәрат жоқ емес

628
көрілім

Облыстық онкологиялық диспансерде тексеруден өткен әйелдердің 50 пайызының ғана денсаулықтары оңды болып шықты.

Естеріңізге салсақ, 26 қаңтар күні көпсалалы онкология және хирургия орталығы (бұрынғы онкологиялық диспансер) әйелдер үшін „Ашық есік„ күнін өткізген болатын.

"Барлық жүгінген азаматшалар білікті маманның кеңесін алып, онкогинеколог маманның тексеруінен өтті", - делінген ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Барлығы 99 әйел адам тексеруден өтті. Олардың жетеуінен қатерлі ісік дерті күдіктелсе, 38 әйелден предбластоматоз (ісіктің басталуы) анықталып, төрт пациент есепке алынды. Қалған 50 әйелдің денсаулығынан кінәрат анықталған жоқ.

Ерлен ОСМАНОВ