«Классиктердің» әзірлігі қалай өтпек?

352
көрілім

Грек-рим күресінен ерлер Ұлттық құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов бірнеше ай үзілістен кейін палуандардың оқу-жаттығу жиыны қалай өтетіндігі жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында дайындық барысының қалай өтетіндігін мәлімдеген екен.
– Карантин мерзімі аяқталған соң оқу-жаттығу жиынын Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорттық базасында ұйымдастырамыз. Дайындыққа ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшыларынан бөлек, 23 жасқа дейінгі ел чемпиондарын да шақырдық. Бапкерлер мен дәрігерлерді қосқанда жалпы есебі 30 адам жаттығуға қатысады. Алғашқы жиында негізінен жалпы дене жаттығуына көңіл бөлуді жөн көрдік. Спортшылар біртіндеп бабына енбейінше жүктемені күшейтпейміз. Ал екінші жиында палуандар кілемге ауысады. Гір тасы, зілтемір секілді ауыр жаттығу құралдарын пайдаланамыз. Карантин кезінде барлық спортшылармен байланыста болдық. Ешкім еркінсіп кеткен жоқ. Бәрі де жаттығу жасап, спорттық бабын жоғалтпауға тырысты. Сондықтан оқу-жаттығу жиыны сәтті өтеді деген ойдамын, - деді бас бапкер.