Көбірек қамтымақ

458
көрілім

2019 жылға арналған бюджет әлеуметтік саланы көбірек қамтымақ.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған бюджет бекітілді.

Оның биылғы жылғы мөлшері 355,6 миллиард теңге болып белгіленді. Жоспарланған шығыстар 293,2 миллиард теңгені құраса, оның 89,6 миллиарды әлеуметтік салаға бағытталған.

- 2019 жылдың бюджетінде медицина қызметкерлерін дайындау және қайта даярлау, вакциналар сатып алу, жоғары білімді мамандарды дайындау мақсатында мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй және мәдениет нысандарының құрылысын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаражат қарастырылды, - дейді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Ұлақова.

Ерлен ОСМАНОВ