Көкпекті ауданы Құлынжон ауылындағы мектепке қашан директор тағайындалады?

2371
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл сұраққа Өскемендегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аумағында өткен жиында облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, конкурс әлі жалғасуда.
– Егер нақты үміткер табылып, конкурстан өтсе жарияланатын болады. Әзірге Құлынжон ауылындағы мектепке директор тағайындалған жоқ. Дегенмен жуық арада бұл қызметке тағайындалған адамды ресми түрде мәлімдейміз, – деді басқарма басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев туған ауылындағы мектепке үш тілді жетік меңгеріп, финляндиялық білім беру үлгісін енгізуге әзір жан табылса сыйақы ретінде 100 мың доллар беретінін жазған еді әлеуметтік желіде.