Көкпекті ауданында ақын сөзі мектеп маңдайшасына ілінді

959
көрілім

Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылының Абай атындағы мектеп ғимаратының маңдайшасына ақын Төки Асылхановтың ауылына арнаған сөздерін жарқыратып іліп қойды, хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Ақын халқына жақын.

Өзі кетседе аты өшпейді, сөзі жарқын.

Риза шығар халқына марқұм.

Үлгілің-Жыр гүлің

Жарқырап тұр бүгін.

Айтардай болашақ ұрпағына:

Ал, білім», - деп жырлапты мектеп қызметкерлері.

– Төки Асылханов өзіміздің жерлес ақынымыз. Әдебиетіміз бен мәдениетімізге үлес қосқан. Кезінде халық театрын ашып, сонау республикаға дейін танытты. Ақынның бүгінде екі кітабі бар. Екі кітәбінің біреуінің атауын мектебіміздің төбесіне жарқыратып іліп қойдық. Бұл бастамамыз ең алдымен жас ұрпаққа үлгі. Алдағы уақытта ауылымыздан шыққан тағы да басқа азаматтарымыздың шығармашылықтарын насихаттау мақсатында мектеп қабырғасынан кабинеттер ашсақ дейміз, - деді Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің директоры Ермек Сыдықұлы.

Таунар ҚАЙРАТ