Көкпекті ауданында ауыл жолдарына жөндеу жүргізіледі

78
көрілім

Үстіміздегі жылы Көкпекті ауданында жоспарға сәйкес ауыл жолдарына жөндеу жүргізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

2020 жылы жол сапасын жақсарту мақсатында «Тассай ауылына кіреберіс көлік жолын орташа жөндеу» жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінен 531 558 419 теңге қаржылық қорытынды алынып, бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобаның осы жылы іске асыру көзделуде.

Сонымен қатар Палатцы, Сарыбел және Мариногорка ауылдарының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары да биыл атқарылады деп жоспарлануда.