Көкпекті ауданында кадет сыныбы ашылды

375
көрілім

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашылу рәсіміне ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ренат Унарбеков, Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов, аудан әкімінің орынбасарлары Жасұлан Майкенев пен Марат Теміржанов, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, ІІО ардагерлері Қайрат Алғазинов, Сайдрақым Файзуллин, ауданының полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты. Сынып 16 оқушыға арналған.

- Бұл сыныптың ашылуы бірінші кезекте балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарының рөлін арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған. Салтанатты рәсім әнұран айтудан басталды, содан кейін кадет сыныбының оқушылары өз шеберліктерін, саптық даярлықтарын және арнайы дайындалған музыкалық нөмірлерін көрсетті. Іс-шара куәліктер табыстаумен және ант қабылдаумен аяқталды, - делінген мәліметте.

Келген қонақтар кадеттерді құттықтап, болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді.