Көкпекті ауданында республикалық ақындар айтысы өтеді

901
көрілім
Фотосурет - Kazakh-tv.kz сайтынан.

Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр тұнған Көкпектінің жағасында» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Республикалық ақындар айтысы 16 қарашада сағат 14:30-да Мәдениет үйінде өтеді. Сөз додасына елімізге белгілі Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Тоба Өтепбаев, Оңғар Қабден, Марат Ахметов, Нұрлыбек Құрманов, Манарбек Сатыбалды, Жасұлан Мақаев сынды белгілі ақындар қатыспақ. Айтысты жүргізу үшін Жүрсін Ерман келеді.

Айта кетсек, айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарының, «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.