Көкпекті ауданында заманауи екі бассейн салынбақ

4619
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан басшысының сөзінше, заманауи екі бассейннің бірі – Көкпекті ауылында, екіншісі Самар ауылдық округінде салынбақ.
– Біз қашан да спортқа ерекше мән беруге тырысамыз, өйткені спорт - ұлттың саулығы. Бұл туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып жүреді. Осы мақсатта өңір басшысы Даниал Ахметов ауданымызда спорт саласының дамуына айрықша көңіл бөлетінін ерекше айта кеткім келеді, – деді Серікқазы Құсайынұлы.
Сәтін салса Даниал Кенжетайұлының қолдауымен биыл ауданның екі жерінде бассейн құрылысы қолға алынбақ.
– Бұл уақыт өте келе ауданымызды  су спорты түрлерінің орталығына айналдыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді аудан әкімі.