Көкпекті ауданында жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілуде

470
көрілім
Шартты фотосурет

Жер-жерде қауіпті індет жүріп жатқанда көкпектіліктер бір-бірлеріне қолұшын созып, қайырымдылық жасауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, аталмыш шара «Біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында жалғасын табуда. Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қайырымдылық шарасын ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер қолға алған. Олар көпбалалы аналар мен жалғызбасты қарияларға күнделікті тұтынатын азық-түліктерін үйді-үйлеріне жеткізуде. Анығы сол, қайырымдылық шараларын жауапты тұлғалардан бөлек, жақсылық жасауға ниетті өзге тұрғындар да қолдауда.