Көкпекті ауданындағы 12 елді мекенге ауызсу тартылмақ

173
көрілім

Көкпектіде биылғы жылы ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 8 жоба іске асуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов журналистермен өткен брифингте айтты.

- Жалпы сумен жабдықтау саласына 1 754, 0 млн теңге бөлінген. 8 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан бөлек, ауданның 12 елді мекеніне ауызсу тарту мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 88,5 млн теңге жұмылдырылды, - деді ол.

Осы жобалар нәтижесінде аудандағы орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдар саны 14-тен 26-ға дейін өспек.