Көкпекті ауданындағы бірнеше ауылға ауызсу құбыры тартылуда

364
көрілім
Фотосурет ehonews.kz сайтынан

2020 жылы аталған аудандағы ауылдарда абаттандыру жұмыстарымен қатар су құбыры желілерін тарту аяқталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің 28.05.2019 жылғы баспасөз брифингіде мәлім болғандай, аймақтағы елді мекендердің сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Көкпекті ауданының 6 елді мекеніне блоктық-модульдік стансаларды орнату жұмыстары жүргізілген. Тағы алты елді мекенге (Подгорное, Черноярка, Мелитополь, Қарағандыкөл, Сүлеймен және Ақсу ауылдары) блоктық-модульдік станса орнатуға облыстық қазынадан 48 млн 270 мың теңге қаржы бөлінген.

Ал қазір Үлкенбөкен, Аққала, Құлынжон, Көкжыра, Көкжайық ауылдарына ауызсу құбыры желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Мұндай шаралар биыл Миролюбовка, Мариногорка, Көкжота және Үлгілімалшы ауылдарында қолға алынбақ.

Нұрбек АСҚАРОВ