Көкпекті ауданындағы Мамай ауылы таза ауызсумен қамтылмақ

351
көрілім

Бұл туралы Көкпекті ауданына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов іс-сапармен барып қатысқан жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ауданы әкімінің жеке парақшасына сілтеме жасап.

Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов жеке парақшасында жауапты тұлғаның қатысуымен аудан тұрғындары көтерген бірқатар мәселелерге тоқталды.

– Нұртай Салихұлының сайлаушылармен кездесуі Үлгілімалшы ауылында жалғасын тапты. Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, өңірлердегі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу, оның ішінде кадр мәселесі, "Дипломмен ауылға" жобасы, IV деңгейлі бюджет ерекшеліктері, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, салық заңдылықтарындағы өзгерістер туралы мәселелерді көтерді, – дейді Асхат Смаилов.

Мәлім болғандай, тұрғындардың негізгі көтерген сұрақтары "Мұғалім мәртебесі" туралы Заңның қабылдануы, оларға берілген жеңілдіктер болды. Кездесу барысында ауданды таза ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясындағы жоспарларға тоқталып, Мамай ауылына таза ауызсумен қамту сұрағы негізгі мәселе болып талқыланды.