Көкпекті ауданындағы Нововстройка ауылын дамыту қолға алынбақ

6125
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жуырда аудан басшысы Сарыбел ауылдық округіне қарасты Новостройка ауылында болып, тұрғындарымен жүздесті.

– Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйеніп, ауыл тұрғындарының толғандыратын мәселелерін тыңдап,  мәселелерді шешу бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктедім. Алдағы уақытта Новостройка ауылын жан-жақты дамыту бойынша жұмыстар қолға алынады, – деді Серікқазы Құсайынұлы.