Көкпекті ауданының прокуроры шалғай елді мекендердегі тұрғындармен кездесті

738
көрілім

Көкпекті ауданының прокуратурасы «Ашық есік күні – прокуратура халық үшін!» атты акция өткізді. Акция барысында шалғай орналасқан ауылдардың тұрғындары прокуратураның басшысына әртүрлі сұрақтар қойды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы Бақытбек Қарымсақов кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының өкілдерімен шалғай орналасқан елді мекендерге барып, жеке қабылдау жүргізді.

Жергілікті тұрғындар іс-шараға белсенді қатысты. Аудан прокурорының міндетін атқарушы барлық арыздарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнамалардың нормалары туралы нақты ақпарат берді. 15 ауыл тұрғындарының мәселелері өз шешімін тапты.