Көкпекті ауданының тұрғыны ауылдасының малын ұрлаған

20516
көрілім

Қыркүйек айының 28-і күні Көкпекті ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Үлкенбөкен ауылының тұрғыны жүгініп, ірі қара малы ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі дерегінше, 47 жастағы тұрғын қыркүйектің 27-сі күні ауылдық округтегі мал жайылымынан белгісіз біреулердің бір бас ірі қара малын ұрлағанын хабарлаған.

- Келтірілген зиян көлемі 450 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.